Григорий Бабаян: Соңғы он минут көңілімнен шықпады
«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян «Милсамимен» (1:1) матчты қорытындылады, деп хабарайлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Өзіміз ойлағандай қиын матч болды. Алғашқы 20 минут қарсылас прессинг жасады, оған қоса бастапқы қобалжу да бар. Кейін өзіміз тізгінді алып, 75 минутқа дейін жақсы ойнадық. Есепте алға шықтық, бірақ офсайд деп гол есептелмеді. Соңғы он минут көңілімнен шықпады. Ойыншы ауыстырып, ойыншы біздің қақпадан алыстатқымыз келді. Алғашқы бес минут ойымыз іске асқанымен, өкінішті жағдай орын алды, 90 минутта гол жіберіп алдық. Тең есеп болғаны жанға батады, бірақ алда қарымта матч бар. Уақытымыз бар, бұл кездесуге жақсы дайындықпен келуіміз керек», - Г. Бабаян.