logo

Григорий Бабаян: Қызылордада барлығына ойнау өте қиын

Григорий Бабаян: Қызылордада барлығына ойнау өте қиын

«Астана» бас бапкері Григорий Бабаян Премьер-лиганың 15-ші турындағы «Қайсарға» қарсы матч (1:0) жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan:

«Кез келген команда үшін Қызылордада ойнау өте қиын, біріншіден, алаңның сапасы сын көтермейді. Қарсылас ретінде біз «Қайсардың» ойын стилін зерттедік, соңында қысым болатынын білдік, стандартты жағдайлар, доптың алаңнан сырт кетуі, сонымен қатар жанкүйерлердің қолдауы дегендей. Допқа иелік ету жағынан басымдық таныттық деген ойдамын, бірінші таймда гол соқтық, тағы да мүмкіндіктер болды, бірақ екінші таймда бетпе-бет келгенде, мүмкіндікті жүзеге асыра алмадық. Бірақ «Қайсардың» гол соғып, есепті теңестіруі мүмкін болғанын айту керек. Үш ұпай алғанымыз маңызды, бүгін ротация болды, өйткені ойын кестеміз тығыз және бір құраммен ойнау мүмкін емес. Бүгін оң нәтижеге жету маңызды болды, енді біраз демалып, келесі матчқа дайындалуымыз керек».



Күн шежіресі