logo

Григорий Бабаян: Қазіргі кезеңде басты назарымыз – Конференция лигасы

Григорий Бабаян: Қазіргі кезеңде басты назарымыз – Конференция лигасы

«Астана» командасының бас бапкері Григорий Бабаян Премьер-лиганың 16-турында «Тұранға» қарсы өткен матч (2:1) туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan:

«Бүгін біз құраммен өте үлкен тәуекелге бардық, себебі мұндай құрамда біз ешқашан ойнаған емеспіз. Бірақ қазіргі кезеңде басты басымдық – Конференция лигасы, өйткені біз Қазақстанды Еуропада танытып, сол жерде сәтті өнер көрсеткіміз келеді. Сондықтан біз тәуекелге бардық, ұпай жоғалтуымыз да мүмкін еді. Құрамды ескере отырып, біз жаман көрінбедік, сәттер құрдық, бірақ осы стадионда әрбір айып добы қақпаға кіріп кетеді. Негізінде, бұл біздің қақпамыздағы жалғыз мүмкіндік болды. Ойыннан бас тартпай, соңына дейін ойнағанымыз жақсы болды, десе де, біз матчтың нәтижесін ертерек шеше алар едік, екі метрден қақпашыға тигізіп алдық. Ауыстырылған футболшылар агрессия қосты. Мұндай қиын матчты жеңгеніміз жақсы болды. Конференциялар Лигасынан кейінгі ойындар әрдайым ауыр болады, сондықтан команданы өз-өздерін аямаған әрекеттері үшін мақтау керек».



Күн шежіресі