logo

Григорий Бабаян: Қателіктер мен әлсіз жақтарды көру үшін мықты қарсыластарды әдейі жоспарладық

Григорий Бабаян: Қателіктер мен әлсіз жақтарды көру үшін мықты қарсыластарды әдейі жоспарладық

«Астана» ФК бас бапкері Григорий Бабаян клубтың баспасөз қызметіне БАӘ-дегі жаттығу жиындарын қорытындылады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

- Мәскеулік «Спартакпен» соңғы сынақ матчын өткізді. Бірінші таймда, ең алдымен, қозғалыста өте үлкен айырмашылық болды. «Спартак» жылдамырақ ойнады, қазіргі кездегі жағдайымызға қарағанда олар жеңіл көрінді және, әрине, қарсыластың шабуыл тобының сыныбындағы ойыншылар әсер етті. Екінші таймда гол соғу үшін бірнеше сәттер болды, бірақ бір жерде салқынқандылық жетпеді, ал басқа жерде шаршау мен жүктеме кәсірінен сергектік пен күш жетпеді. Жарақатына байланысты Вороговский мен Эбонг матчқа қатысқан жоқ. Быстров ұзақ үзілістен кейін алғаш рет ойнады. Көптеген қателіктер жіберілді, әсіресе бірінші таймда. Иә, жиындардың соңғы күні, соңғы матч, шаршау бар, бірақ әлі де екінші таймдағыдай моральдық-еріктік қасиеттері арқасында көптеген сәттерде ойнауға тура келді.

- Неліктен күшті қарсыластармен матчтар бірінен соң бірі өтті?

- Бұл біз үшін қатарынан үшінші қарсылас матч болды. Егер бірінші матчта «Краснодарға» қарсы физикалық жағдай өте жақсы көрінсе, келесі ойындарда команданың шаршағаны көрінді. Бірақ, біз қазіргі жағдайымызды ескере отырып, өз қателіктеріміз бен әлсіз жақтарымызды дәл осындай күшті қарсыластармен көру үшін матчтарымызды әдейі жоспарладық. Дәл осындай матчтарда өсуге мүмкіндің бар. Жиын өте жақсы өтті. Клуб басшылығына тамаша ұйымдастыру үшін рахмет айтамыз!



Күн шежіресі