logo

«Астана» мен «Спартактың» текетіресі. «Астана» - «Спартак» матчын қайдан көруге болады

«Астана» мен «Спартактың» текетіресі. «Астана» - «Спартак» матчын қайдан көруге болады

«Астана» БАӘ-дегі оқу-жаттығу жиыны аясында 21 ақпанда мәскеулік «Спартакқа» қарсы бақылау матчын өткізеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қос клуб өз чемпионаттарында чемпиондық атақ бойынша рекорд иегерлері. Мәскеулік команда Ресей чемпионатында 10 рет жеңіске жетсе, ал астаналықтар Қазақстан чемпионатынның алтын медальдарын 7 рет иеленді.

«Спартак» қазақстандық командамен жақында арада кездескен болатын. РПЛ қысқы кубогы аясында олар «Қайратты» 6:0 есебімен сенімді жеңді.

Елордалық клубта ресейлік клубтармен екі матч өткізіп үлгерді. «Краснодар» командасына Григорий Бабаянның шәкірттері 4:2 есебімен жеңсе, «Ростовқа» 1:0 есебімен жол берді.

ОЖЖ-дағы соңғы бақылау кездесуін «Астана» елорда уақыты бойынша сағат 19:00-де басталайды.

Аталмыш ойынның тікелей эфирін Sport Plus Qazaqstan телеарнасында, арнаның сайтында және YouTube-арнада қолжетімді болады.