logo

Григорий Бабаян «Ордабасымен» болған ойын жайлы: Босаңсуға болмайды

Григорий Бабаян «Ордабасымен» болған ойын жайлы: Босаңсуға болмайды

«Астана» клубының бас бапкері Григорий Бабаян КПЛ аясында «Ордабасы» (4:2) командасына қарсы өткен ойын туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Біз тамаша матч өткіздік, қарсыласқа ешқандай мүмкіндік бермедік. Ойынның нәтижесі бірінші таймда шешілуі керек еді, есеп ашар сәттер болды, тек іске аспады. Қарсыластың алыстан бір соққысы мен айып добы болды, гол соғылды, басқа моңтайлы сәттері есімде жоқ. Жалпы, біздің команданың бүгінгі ойыны, допты бақылауда ұстауы, қорғануы, шабуыл кезеңіне өтуі және тез кері қайта білуі – көңілде үлкен құрмет ұялатады. Жігіттерде сенімпайда болды, бірақ босаңсуға болмайды. Біз сырт алаңда жақсы командаға қарсы ойнап, өте сапалы футбол көрсеттік. Осы үшін де жігіттерді құттықтағым келеді».



Күн шежіресі