Григорий Бабаян: Маусымға бірінші мақсат - чемпионатты жеңу
«Астана» футбол клубының бас бапкері Григорий Бабаян «Жеңіске» қарсы ойын туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Барлық қазақстандық жанкүйерлерді жаңа маусымның басталуымен құттықтаймын. Ойынға келетін болсақ, бәрі әдеттегідей, әсіресе ойын басталғанға дейін футболшыларда қобалжу болды.
Бірінші таймда біздің команда жақсы футбол көрсетті, әсіресе алғашқы 30-35 минутта, мүмкіндіктер болды, бір гол соғып, тағы да қанжығаны майлайтын сәттер ұйымдастырдық. Содан кейін кейбір сәттерде ойын тізгінін қарсыласқа беріп қойдық, бірден біздің қақпамызға қауіпті сәттер пайда болды және шабуылдан қорғанысқа өту кезінде біздер қате жібердік, бұған жол бермеу керек. Алаңда позиция алмасуда көптеген қателіктер болды, бірақ бұл бірінші матч, солай болады.
Көңілден шықпаған жалғыз нәрсе - бұл есеп, біз көп гол соғуға мүмкіндік жасадық. Қауіпті сәттерді пайдалануда өкінішке орай сәтсіз болдық, бірақ осы сәттерді жасау әрекеттері – мен көргім келетін футбол.
Бізде бірінші мақсат - чемпионатты жеңу. Алғашқы 6-7 тур бізде қай жерде қиындықтар бар екенін, қандай позицияларды күшейту керектігін көрсетеді».