logo

Астанада жаңа стадион салынады

Астанада жаңа стадион салынады

Мұнайтпасов атындағы орталық стадион елордада бұзылып, оның орнына жаңасы салынады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Әкімдіктің баспасөз қызметі стадион жобасы бойынша ауданы 7140 м2, көлемі 105 м х 68 м ойын алаңы бар UEFA стандартымен 3 санаттағы 4500 орындық жоспарланғанын хабарлады.

«Жабық үлгідегі жобаны іске асыру туралы шешім қабылданды, осыған байланысты жобалау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта эскиздік жоба әзірленуде. Жабық үлгідегі стадионның эскиздік жобасының келісімін алғаннан кейін мемлекеттік сараптама порталына жүктелетін болады. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін ғимарат құрылысы бойынша жұмыстар басталады», – деп түсіндірді әкімдік.