«Астананың» жаңа легионерінің жалақысы белгілі болды
«Ламия» 33 жасар испандық шабуылшысы Карлитостың «Астанаға» көшуі туралы мәліметтер пайда болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Карлитос жалпы жалақысы 1,4 миллион еуроны құрайтын «Астанамен» екі жылдық келісімшартқа қол қояды. Бұл ретте «Ламия» трансфер үшін 300 000 еуроға жақын соманы алады деп күтілуде», — деп жазады дереккөз.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін грекиялық «Ламия» мен «Астана» испандық шабуылшының трансфері туралы жазған болатын.