logo

Георги Зария: Бізге «Ақтөбемен» ойын алдында қосымша мотивация қажет емес

Георги Зария: Бізге «Ақтөбемен» ойын алдында қосымша мотивация қажет емес

Алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Георгий Зария Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында соңғы матчтардағы сәтті кезең туралы айтып, алдағы «Ақтөбеге» қарсы ойын туралы пікірімен бөлісті.

— Соңғы екі матчта сіз үш гол соғып, керемет ойын көрсетудесіз. Қазір физикалық бабыңыз жақсы деп айта аласыз ба немесе сіздің идеалды бабыңызға алда ма?

— Ең алдымен, мен өз жұмысымды орындаймын және командаға көмектесу үшін жаттығамын. Ия, мен өзімді жақсы күйде деп айта аламын, бірақ бабым әлі жақсы емес. Әрине, мен әдемі гол соғуға қуаныштымын, бірақ мен үшін ең бастысы олардың командаға жеңуге көмектескені. Өкінішке орай, соңғы ойында бұл голдар Лига Кубогының финалына жету үшін жеткіліксіз болды.

— Алда команданың «Ақтөбеге» қарсы маңызды ойыны тұр. Алдағы матчтан не күтесіз?

— Иә, алда бізді маусымның маңызды ойындарының бірі күтіп тұр. Біздің команда оған толықтай дайын. Чемпионат мәре сызығына шығады және біз бұл матчта жеңіске жетпеуге құқығымыз жоқ. Барлық команда қойылған міндеттер туралы біледі және оларды орындауға дайын.

— «Ақтөбеге» қарсы ойындар — бұл дерби. Бірінші айналымда сіз өз алаңында жеңіліп қалдыңыз, сонымен қатар «Қайрат» үшінші жылы «Ақтөбеде» жеңіске жете алмауда. Бұл факторлар ойын алдындағы қосымша мотивация ма?

— Біз бір шайқаста жеңілдік, бірақ соғыста емес. Енді біз қарсыласқа қарсы сәтсіз серияны тоқтату үшін жеңіске жеткіміз келеді. Ол үшін бізге қосымша мотивация қажет емес. Біз алдағы ойынды асыға күтеміз.

— Осы маусымда біз чемпионат үшін өте қиын күресті көріп отырмыз. Мерейтойлық жылы жеңіс түріндегі тапсырма ойыншыларға қысым көрсете ме?

— Чемпионат аяқталуға жақын және әзірге бәрін болжау қиын. Әрине, толқу артып келеді. Бірақ біз кәсіби футболшылармыз. Бізде чемпион болудың тамаша мүмкіндігі бар және біз оны пайдалануды көздеп отырмыз.



Күн шежіресі