Ғалым Мәмбеталиев: Келесі ойында жастар өздерін жақсы көрсетеді

«Барыстың» хоккей командасының бас бапкері Ғалым Мәмбеталиев «Аванагардқа» қарсы матчқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Sport+.
— Ойынға қатысты, кейбір сәттерде жас жігіттер жоғалып кетті, голдарды жіберіп алды, бір жерде қарсыластарға ие болмады, шайбаны шығара алмады, бірақ нәтижеге деген ұмтылыс жақсы болды. Бірінші ойын үшін бұл жаман емес, әлі көп жұмыс істеу керек, оларға мүмкіндік беру керек. Келесі матчта олар өздерін жақсы көрсетеді.
— Ұлттық құрамаға 11 ойыншыны жіберген дұрыс шешім болды ма?
— Бұл менің шешімім емес, басшылықтың шешімі. Егер олар бұл қажет деп есептесе, солай болғаны.
— Үшінші қақпашы Юхан Маттссон. Сіз оған ойын уақытын беруді жоспарлап отырсыз ба?
— Бізде қақпашылар бапкері бар, ол осы сұрақты анықтайды. Юхан дайын болғанда, ол мұз айдынына шығады.
— Маусымның қалған бөлігінде қандай мақсат тұр? Осы маусымда барынша тырысу маңызды ма, әлде келесі маусымға дайындаласыз ба?
— Қос мақсат та маңызды. Жігіттер әр ойын сайын өсіп, тәжірибе жинауы керек. Менің ойымша, біз фарм-клубтарынан көптеген жігіттерді енгіздік. Олар жаман емес, әлеуеті бар. Олармен жұмыс жасасақ, олар жақсы ойнайды.
Аталмыш кездесу елордалық команданың жеңілісімен аяқталған болатын — есеп 1:5.