logo

Ғалым Мамбеталиев: Физикалық тұрғыда осалмыз деп айта алмаймын, тек өз ойын өрнегімізді паш ете алмадық

Ғалым Мамбеталиев: Физикалық тұрғыда осалмыз деп айта алмаймын, тек өз ойын өрнегімізді паш ете алмадық

«Нефтехимик» — «Барыс» (4:1) ойынынан соң елордалық клубтың бас бапкері Ғалым Мамбеталиев матчқа қатысты өз пікірін білдірді:

«Қарсы шабуылдарды өткізіп алдық, қайта оралуда соңына дейін ойнамадық. Жалпы бүгін толықтай шабуыл бізді шыр айналдырды, сол үшін жеңіске жете алмадық. Ешнәрсе етпейді, команда жәймендеп өзіне келіп жатыр деп ойлаймын. Жігіттер тәжірибе жинауда, көбісі фарм-клубтан келді. Олар жүйрік бола түсіп, қойылған талапты орындай бастайды деп сенеін. Ойыншылардың физикалық жағдайы жаман емес. Бүгін алаңнан қуылу көп болмады, бұл - жақсы көрсеткіш. Бірақ дәл қазір, шайбаны қағып алып ойнауға құштарлық бар, сол үшін контр шабуылды өткізіп алып жатырмыз. Физикалық тұрғыда осалмыз деп айта алмаймын, тек өз ойын өрнегімізді паш ете алмадық. 
Келесі матчта жаңа ойыншыларды шығарып көреміз деп ойлаймын. Жігіттерді фарм-клубтан себепсіз алып келмедік қой, олар да осыдан өту керек. Олар жақсы ойнап шығады деп ойлаймын».