«Барыс» «Нефтехимикке» жол берді
«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Нефтехимик» (Екатеринбург) командасына қарсы өткізіп, жеңіліс тапты, деп хабарлайды Sport+ Kazinform агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Қарсыластар қатарынан Никита Хоружев 9-минутта есеп ашса, 29-минутта Владимир Брювкин басымдықты арттырды.
«Барыс» сапынан Батырлан Мұратов 34-минутта есеп айырмасын қысқартса, ресейлік клубтан Евгений Митякин 50-минутта «Нефтехимикті» жеңіске жетелей түсті.
Ал «Нефтехимик» хоккейшісі Богдан Киселевич 53-минутта қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша «Барыс» қарсыласына 1:4 есебімен есе жіберіп, қатарынан үшінші мәрте жеңілістің ащы дәмін атты.
Енді елордалық клуб алдағы үш ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен 13 қарашада тағы Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) клубымен тағы бір мәрте ойнаса, одан кейін 15 қарашада «Салават Юлаев» (Уфа), 17 қарашада «Сочи» командаларымен шеберлік байқасады.
Еске салсақ, бұдан бұрын елордада «Автомобилист» командасына жеңілген еді.