logo

Футболшылар робот емес, мұндай ауыр жүкті ешкім көтере алмайды: «Астананың» бас бапкері

Футболшылар робот емес, мұндай ауыр жүкті ешкім көтере алмайды: «Астананың» бас бапкері

«Астана» футбол клубының бас бапкері Григорий Бабаян «Нью Сейнтспен» өтетін ойын туралы айтып берді, деп хабарлайды Sport +.

«Бізді Уэльс елінің 16 мәрте чемпионы атанған өте азулы қарсыласпен ойын күтіп тұр. Олар Конференция лигасына Чемпиондар лигасының іріктеуі арқылы өткенін білеміз. «Нью Сейнтс» шабуылдаушы футбол ойнайтын ұжым, ішкі чемпионатында допты ұстау, гол соғу сияқты параметрлер бойынша көшбасшы команда. Алайда біз бұған қарап қалмаймыз, барынша өз футболымызды паш етіп, асқан сауатты ойын көрсетуге тырысамыз. Бүгін стадионда жаттығу өткізіп, өте жоғары сападағы алаң екеніне көз жеткіздік. Ал ойынға келсек, әрине, діттеген мақсатымызға жету үшін бар күшімізді саламыз», - деді Г. Бабаян.

Айта кетейік, 24 қазаннан 25 қазанға қараған түні Англияның Шрусбери қаласында валлийлік «Нью-Сейнтс» командасы Конференция Лигасының жалпы кезеңінің 2-турында «Астана» командасын қабылдайды.



Күн шежіресі