Футболшылар ФИФА заң органдарына арнайы сайт арқылы өтініш бере алады
Қазіргі уақытта ФИФА-ның заңды органдарына барлық өтініштер ФИФА-ның заңды порталы legalportal.fifa.com сайты арқылы беруге болады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Қазақстан футболшылар кәсіпқой одағына сілтеме жасап.
Аталмыш тәсіл факс және электрондық пошта арқылы өтініш беруді ауыстырды.
Бұл порталды пайдалану өте оңай екенін атап өтеміз – өтініш беру үшін кәсіпқой футболшы өзінің клубы бойынша ақпаратты енгізуі, сондай-ақ істің мәні бойынша құжаттаманы қосуы қажет.
Құжаттарды тапсырғаннан кейін ФИФА міндетті түрде сізге жазбаша жауап қайтарады.
Өтініш беру үшін қажетті ақпарат тізімі ФИФА футбол трибуналын реттейтін процедуралық ережелердің 18-бабында қарастырылған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram