logo

Футболдан Лига кубогының финалында «Астана» мен «Жеңіс» кездеседі

Футболдан Лига кубогының финалында «Астана» мен «Жеңіс» кездеседі

Футболдан Лига кубогының финалында елордалық «Астана» мен «Жеңіс» командалары кездесетін болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Жартылай финалдағы алғашқы ойында «Қайрат» пен «Жеңіс» кездесті. Алғашқы ойында астаналық клуб қарсыласын 2:0 есебімен тізе бүктірген еді.

Бүгінгі ойында алматылық клубтан Гиорги Зария 32, Зария 53-минутта қос голдың авторы атанды. 

Осылайша екі ойынның нәтижесі теңесті. Қосымша кезеңде де жеңімпаз анықталған жоқ.

Пенальтиден «Жеңістің» жолы болып, финалға жолдама алды. 

Тағы бір кездесуде «Астана» мен «Елімай» қос ойында да 0:0 есебімен тең түсті.

Қосымша кезеңде де гол соғылмады. Пенальти тебуден «Астана» басым түсті.

Енді 24 қарашада өтетін финалда «Астана» мен «Жеңіс» шеберлік байқасады. 

Лига кубогы ойындары биыл елімізде алғаш рет басталды.