Футболдан Чемпиондар лигасының финалы өтеді
Футболдан UEFA Чемпиондар лигасының финалында «Реал Мадрид» (Испания) мен «Боруссия Дортмунд» (Германия) кездеседі, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Кездесу бүгін 1 маусымда болады. «Реал Мадрид» алдымен Чемпиондар лигасы топтық кезеңінде Италияның «Наполи» (3:2, 4:2), Португалияның «Спортинг Брага» (2:1, 3:0), Германияның «Унион Берлин» (1:0, 3:2) клубтарымен ойнады.
Өз тобында бірінші орын алған клуб плей-офф сатысында Германияның «Лейпциг» (1:0, 1:1), Англияның «Манчестер Сити» (3:3, 1:1, пенальтиден 4:3), Германияның «Бавария» (2:2, 2:1) клубтарын орта жолда қалдырды.
Ал «Боруссия Дортмунд» топтық кезеңде Францияның «Пари Сен-Жермен» (2:2, 1:1), Италияның «Милан» (0:0, 3:1), Англияның «Ньюкасл Юнайтед» (1:0, 2:0) клубтарымен кездесті.
Жарыстың келесі сатыларында Нидерландтың ПСВ (2:0, 1:1), Испанияның «Атлетико Мадрид» (4:2, 1:2), Францияның «Пари Сен-Жермен» (1:0, 1:0) клубтарынан басым түсті.
Финал Англия астанасы Лондон қаласындағы «Уэмбли» стадионында өткізіледі.