Футболдан Азия кубогы: Қырғызстан алғашқы ойында жеңіліп қалды
Катарда өтіп жатқан футболдан Азия кубогында 16 қаңтарда, бесінші ойын күнінде Оңтүстік Корея құрамасы Бахрейннен басым түсті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
16 қаңтарда F тобында Таиланд пен Қырғызстан, Сауд Арабиясы мен Оман шеберлік байқасты.
Алғашқы кездесуінде қырғызстандық футболшылар сәтсіз ойнады. Олар Таиланд құрамасына 0:2 есебімен жеңіліп қалды.
Аталған топтағы тағы бір кездесуде Сауд Арабиясы құрамасы Оманды 2:1 есебімен тізе бүктірді.
Ойын барысында омандықтар алғашқы кезеңде есеп ашқан еді. Оған Сауд Арабиясы келесі кезеңде екі голмен жауап қайырды.
Енді 21 қаңтарда Қырғызстан Сауд Арабиясымен кездессе, Оман мен Таиланд шеберлік байқасады.
17 қаңтарда А тобында Тәжікстан мен Қатар, Ливан мен Қытай жасыл алаңға шығады.