logo

Ферапонтов Мартинға қарсы? «Оқжетпес» – «Ордабасы» матчы тікелей эфирде

Ферапонтов Мартинға қарсы? «Оқжетпес» – «Ордабасы» матчы тікелей эфирде

2025 жылғы Қазақстан чемпионатының басты сенсациясына айналған «Оқжетпес» 13-тур аясында «Ордабасыға» қарсы ойнайды. Бұл кездесуге ерекше реңк беретін жайт — кокшетаулық команданың қазіргі уақытта өз алаңы жөндеуде болғандықтан, Шымкентте орналасуы.

Андрей Ферапонтовтың шәкірттері биылғы маусымда тек ойынымен ғана емес, нәтижесімен де қуантуда — соңғы бес ойында үш жеңіске жетіп, турнир кестесінде бесінші орынға жайғасты.

Ал шымкенттік «Ордабасы» жетінші орында тұр және қатарынан үш ойын бойы жеңіске жете алмай жүр: «Ұлытауға» есе жіберіп, «Жеңіс» пен «Елімаймен» тең түсті.

Матчтың басталуы — 20:30. Ойынды тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан, sportplustv.kz сайтынан және sportplus\_qaz YouTube арнасынан көруге болады.



Күн шежіресі