logo

Қазақстан құрамасы Солтүстік Кореяға қарсы матч өткізеді

Қазақстан құрамасы Солтүстік Кореяға қарсы матч өткізеді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында екі бақылау матчын өткізеді, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алғашқы кездесу бүгін, 14 ақпан күні Өзбекстанның «Локомотив» (Ташкент) клубына қарсы өтеді. Бапкерлік штабтың шешімімен бұл ойын жабық режимде ұйымдастырылады. Ойынның басталуы — 20:00–де (Қазақстан уақытымен).

Екінші бақылау ойынында Қазақстан құрамасы 17 ақпан күні Корей Халық-Демократиялық Республикасы (КХДР) құрамасымен кездеседі. Бұл матч Қазақстан уақытымен 19:00–де басталады. Тікелей эфир жайлы қосымша ақпарат береміз.

КХДР құрамасы — 1966 және 2010 жылғы әлем чемпионаттарының қатысушысы. Сонымен қатар, 2010 және 2012 жылдары АФК Шақыру кубогында жеңіске жеткен.

Оқу-жаттығу жиыны Түркияның Белек қаласында 18 ақпанға дейін өтеді. Жиынның негізгі мақсаты ұлттық құрамаға үміткерлерді қарау. Сондықтан бапкерлік штаб бұл жиынға ұлттық құрамаға үміткерлер мен жас ойыншыларды шақырды.



Күн шежіресі