Белгілі бразиялық футболшы Алматыға келеді

3 сәуірде Алматыда спорт және бизнес саласындағы ең үздік өкілдерді марапаттау рәсімі — Metaratings Top Awards-тың алғашқы ұлттық премиясы өтеді. Салтанатты шара аясында ең үздік спортшылар мен бапкерлер, менеджерлер мен спорт ұйымдары, журналистер мен блогерлер, сондай-ақ спорттық бизнес өкілдері мен букмекерлер лайықты марапаттарын алады.
Metaratings Top Awards арнайы қонағы — екі рет әлем чемпионы атанған, Американы кубогының екі мәрте иегері, Чемпиондар лигасы, Клубтық әлем чемпионаты және басқа да көптеген трофейлердің жеңген Кафу болмақ. Аңызға айналған бразилиялық футболшы сондай-ақ ФИФА-ның тарихтағы ең үздік 100 ойыншының қатарына енген.
Үздіктерді анықтауға арналған дауыс беру Metaratings Top Awards сайтында жүріп жатыр.
Sport+ телеарнасы ең үздік спорттық арна номинациясына ұсынылған. Сонымен қатар, sportplustv.kz сайты, телеарна мен сайт журналистері де номинанттар қатарында кірді.