Евгений Павлов АҚШ-та екі чемпиондық белбеуді жеңіп алды

Евгений Павлов АҚШ-та екі чемпиондық белбеуді жеңіп алды

Қазақстандық боксшы Евгений Павлов АҚШ-та өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport+.

Петропавл қаласының тумасы колумбиялық Альбейро Паредеске қарсы жекпе-жек өткізді.

Кездесуде екінші жеңіл салмақтағы WBC Continental Americas және North American Boxing Association нұсқалары бойынша бос тұрған чемпиондық белбеулер сарапқа салынды.

Павлов қарсыласын бірінші раундта нокаутпен жеңіп, екі чемпиондық белбеуді иеленді.



Күн шежіресі