«Ертіс» «Арсеналда» ойнаған қазақстандық бомбардирді қатарына қосты

24 жастағы шабуылшы Матвей Герасимов павлодарлық «Ертіс» жиынына қосылды, деп хабарлайды Sport+.
Матвей Герасимов — Қарағанды футболының түлегі. Ол соңғы төрт маусымды Қазақстаннан тыс чемпионаттарда өткізді.
Герасимовтың соңғы жұмыс орны Беларусь елінің «Арсенал Дзержинск» клубы болды. Аталмыш команда құрамында ол 36 матч өткізіп, 13 гол соқты.
Матвейдің әсерлі антропометриялық көрсеткіштері бар — оның бойы 191 см құрайды.