«Елімай» Шымкентте жеңісті жіберіп алды
«Елімай» Шымкентте «Тұранға» қарсы өткен матчтың бірінші таймын жеңіп шықты, алайда қарсылас соңғы минуттарда есепті теңестірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Елімай» командасы сапында Дмитрий Яшин пен Сергей Кайлер гол соқты, ал алаң иелерінен Антонио Яколиш пен Артем Дмитриев ерекшеленді. Айта кету керек, «Тұран» командасы 61-минуттан бастап аз ойыншымен ойнады, Марко Николич қызыл кағаз алды.