«Елімай» Литвадан келген қорғаушымен күшейді
Семейдің «Елімай» командасы 30 жастағы нигериялық қорғаушы Самюэль Одеоибомен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Соңғы үш маусымда Самюэль Одеоибо Литва чемпионатының «Хегельман» клубында ойнап, 78 ойында 8 гол соқты.
Қорғаушы «Елімайға» еркін агент ретінде ауысып отыр.