logo

Андрей Карпович: Қорғаныс стилі? Менің философиям – әр ойында жеңіске жету

Андрей Карпович: Қорғаныс стилі? Менің философиям – әр ойында жеңіске жету

«Елімайдың» бас бапкері Андрей Карпович оның командалары қорғаныс стилінде ойнайды деген айыптауларға жауап берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

- Қорғаныс стилі. Бұған не дерімді білмеймін. Шындығын айтқанда маған қатты маңызды емес. Менің философиям — әр ойында жеңіске жету. Ал оны қалай жүзеге асыруға болады? Бұл жерде команданың мүмкіндігіне, қарсыластың ерекшелігіне мән бересің. Сондықтан менің командам бұдан да жақсы қорғаныста болса деймін. Ал егер біреу қорғаныс стилі десе, оны өзі біледі. Қай жерде жұмыс істегенін және қол астында қандай футболшылардың болатындығы да үлкен рөл ойнайды. Осыларға қарап, ортақ ой қалыптасады. Әйткенмен, мен қорғаныс немесе шабуылдың біріне қатты мән беремін деп айта алмаймын. Жалпы, командаға шабуылдағаннан қарағанда қорғанысқа жатып алған тиімді ғой. Ал шабуылдау үшін өте көп факторлар әсер етеді: алаң сапасы, ойыншылар мен бапкерлер штабындағы өзара түсіністік, тығыз байланыс, сәттілік, идея, драйв, азарт және т. б. Әрине, команда матчтың соңында қарсыласты қыспаққа алып, жеңісті жұлып алуда. Бұл мінездің бар екендігін көрсетеді. Мен бұл мінездің клубымда болғанын мақтан тұтамын. Барлығы да өз командасының тыңғылықты, түсіністікте ойнағанын қалайды. Бірақ барлық жерде уақыт қажет. Мен алдағы уақытта барлық ойын тұрғысынан әлі де қосатынымызға сенімдімін. Себебі, бізде мінез бар. Бұл өте маңызды және үлкен мақсаттарға қол жеткізуге көмектеседі. Тағы да ескере кететінім, менің талабым және түсінігім бойынша қорғаныста барлық команда болып сауатты ойнау білуі тиіс. Қорғаныс шабуылшымен басталып, қақпашымен аяқталады. Шабуыл да солай. Біз шабуылды қақпашы арқылы бастап, қорғаныстан жартылай қорғанысқа өрбітеміз. Ал шабуыл шебінде нәтижелі аяқтауға тырысамыз. Баланс болуы керек. Біз ойынды қорғаныста көп уақыт болуға немесе жүйесіз шабуылдауға жоспарламаймыз. Барлығын алаңның жағдайы, белгілі бір жайт, ойыншылардың жарақаты, стиль, қарсыластың моделі және т.б шешеді. Бұл жерде нақты жауап жоқ.

Olimpbet QFL Қазақстан чемпионатының 8-турынан кейін «Елімай» турнир кестесінде екінші орында орналасты. Семейліктер 14 ұпай жинады.  



Күн шежіресі