logo

«Бешікташ» керемет ерік-жігер танытып, «Трабзонспорды» жеңді (видео)

«Бешікташ» керемет ерік-жігер танытып, «Трабзонспорды» жеңді (видео)

«Бешікташ» Түркия чемпионатының 24-туры аясында өз алаңында «Трабзонспорды» қабылдады, деп хабарлайды Sport+.  

Бапкер Шенол Гюнештің шәкірттері кездесудің 17-минутында есеп ашты, бұл голдың авторы — қазіргі чемпионаттың үздік сұрмергендерінің бірі Симон Банза.  

Алайда 53-минутта Рафа Сильва таразы басын теңестірді, ал 65-минутта Арсений Батагов өз қақпасына гол соғып алды. Қорытынды есеп 2:1.

Осы жеңістің арқасында «Бешікташ» көшбасшылар тобына бар болғаны 1 ұпайға жақындады. Айта кететіні, қазақстандық футболшы Бақтиер Зайнутдинов бұл ойынға жарақатына байланысты қатыса алмады. 



Күн шежіресі