logo

Қазақ дзюдошысы Портагулиядағы турнирде жарыстан қуылды

Қазақ дзюдошысы Портагулиядағы турнирде жарыстан қуылды

Португалияда дзюдодан жылдың алғашқы ресми жарысы - Гран-при турнирі басталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Алғашқы жарыс күнінде төрт салмақ бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. 

Қазақстан сапынан сынға түскен екі спортшы турнирді аяқтады. 60 келідегі Дәурен Сүйеукенов бірінші белдесуде жапон балуанына есе жіберсе, 66 келідегі Нұрсұлтан Зайзағалиев тыйым салынған әдіс жасағаны үшін жарыстан шеттетілді.

Бір қызығы, белдесу барысында Нұрсұлтан есепте алда тұрған болатын. 

48 келідегі Абиба Әбужақынова мен 66 келідегі Жанарыс Рахметқали келесі кезеңге өтті.