logo

Өзіне тым сенімді болып кетті: бапкер Нұрлыхан Шарханның Ташкенттегі жеңілісіне пікірін айтты

Өзіне тым сенімді болып кетті: бапкер Нұрлыхан Шарханның Ташкенттегі жеңілісіне пікірін айтты

Дзюдодан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қален Қалиұлы Ташкенттегі Grand Slam турнирінде сынға түскен шәкірті Нұрлыхан Шарханның неліктен ұтылып қалғанын түсіндірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Нұрлыхан Шарханның дайындығы сәл жетіспей қалды. Ол эмоционалды тұрғыда өзіне тым сенімді болған. Кейін сол эмоцияларды басқара алмады, соның салдарынан өзі ойлаған әдістер жүзеге асқан жоқ, - деді спортшылардың жеке жаттықтырушысы.

Айта кетелік, Нұрлыхан биыл Парижде өткен Grand Slam турнирінде өзінің алғашқы жүлдесіне қол жеткізген еді. 



Күн шежіресі