logo

Думан Нәрзілдаев: Клубпен финанстық тұрғыда келісу қиынға соққан жоқ

Думан Нәрзілдаев: Клубпен финанстық тұрғыда келісу қиынға соққан жоқ

«Қайсар» клубының капитаны Думан Нәрзілдаев Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында қызылордалық командасының ұсынысын неге бірден қабылдамағанын және капитандық рөлі жайлы айтты.

— «Қайсармен» бірінші оқу-жаттығу жиынына қатыспадыңыз. Өзге клубтардан ұсыныс күттіңіз бе? Финанстық тұрғыда келісу қиынға соқты деген ақпарат рас па?

— «Қайсармен» ОЖЖ кеш келген себебім екі-үш командадан ұсыныс болды. Сол себепті ойланып, дұрыс шешім қабылдау керек болды. Барлығын ой иелегінен өткізе келе үйге қайта оралуға бел буып, «Қайсар» сапына қосылдым. «Қайсар» клубымен қаржылық тұрғыда келісу қиынға соққан жоқ — туған командам болғасын тез келістік.

— Шымкенттік командадан келісімшартты ұзарту ұсынысы түспеді ме?

— Шымкенттік командадан нақты ұсыныс болмады.

— «Думан — футзал ойыншысы» деген жандарға не деп жауап қаттыңыз?

— Ешкімге ешқандай жауап қатпадым.

— Қайсардың қарқыны жақсы. Команданың алдында үздік төрттікке кіру деген мақсат бар ма?

— Иә, командамыз жақсы ойын өрнегін көрсетіп жүр. Әр ойында өз алаңымызда, сырт алаңда болсын ұпай алуға тырысамыз. Чемпионатта қалған ойындарымызды жақсы нәтижемен аяқтасақ, үздіктер қатарынан көрінеміз деген ойдамын.

— Туған командаңызда капитандық рөлді атқару қаншалықты қиын?

— Әрине, капитандық рөлді атқару оңай емес. Алайда, командада бірінші жыл капитан болып жүрген жоқпын. Бұл рольдіңде өз ауыртпашылықтары бар.

— Андрей Аршавиннің өзі «Қайратқа» сізді команда сапына қоссын деген пікір айтыпты. Сол сөздерден соң алматылық командадан ұсыныс түскен жоқ па?

— «Қайраттан» арнайы ұсыныс түскен жоқ.