logo

Допты хоккейден финалдық турнир: «Ақжайық» екінші ойынында есе жіберді

Допты хоккейден финалдық турнир: «Ақжайық» екінші ойынында есе жіберді

Иркутск қаласында допты хоккейден жоғары лига командалары арасында өтіп жатқан бүкілресейлік жарыстың финалдық бәсекесінде Оралдың «Ақжайығы» екінші ойынын өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бұл жолы оралдықтар «Енисей-2» (Красноярск) командасына қарсы келді.

Тартысты өткен бірінші таймда бастапқыда «Енисей-2» 2:0 есебімен алға кеткенімен, Николай Шавалдиннің шәкірттері таразы басын теңестіре алды – 2:2. Бірақ бірте-бірте красноярскілік клубтың басымдылығы байқалды – 6:3.

«Ақжайықтан» әуелі Нұрбол Бөкешов мергендігімен көзге түссе, содан кейін Максим Пахомов екі голдың авторы атанды. 

«Енисей-2»-ден Антон Савлюк 3, Матвей Лышко, Максим Иванов, Игорь Середкин бір-бірден гол соқты. 

Батысқазақстандық клуб А тобында 3 ұпаймен әзірге үшінші орында тұр. «Ақжайық» ертең «Кузбасс-2» (Кемерово) командасымен күш сынасады.