logo

Допты хоккей: Оралдың «Ақжайығы» финалдық сайыстарға жолдама алды

Допты хоккей: Оралдың «Ақжайығы» финалдық сайыстарға жолдама алды

Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» Верхний Уфалей қаласында жергілікті «Никельщикпен» кездесті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Екінші топта айдын иелері көш бастаса, оралдықтар үздік үштікті түйіндеп тұр.

«Никельщик» тартысты ойында 5:3 есебімен басым түсіп, жалпы ұпай санын 59-ға жеткізді.

«Ақжайықтан» Максим Пахомов екі голдың авторы атанса, тағы бір доп Артем Лапшиннің еншісінде.

28 ақпан күні қос команда өз тобындағы соңғы матчтарын өткізеді.

Қазіргі кезде «Ақжайықтың» қоржынында 54 ұпай бар.