Дмитрий Попко жеңіліссіз сериясын жалғастыруда
 
                                            Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Нейплс қаласында өтіп жатқан ITF сериялы турнирдің ширек финалына шығып, қатарынан 12-ші жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
1/8 финалда қазақстандықтың қарсыласы корт иесі – Трей Хильдебранд болды. Матч Попконың 6:4, 6:4 есебімен екі сетте жеңісімен аяқталды.
Келесі айналымда Дмитрий румын Габи Бойтанмен кездеседі.
 
    