Дмитрий Попко АҚШ-та үш сағаттық матчта қарсыласын жеңіп, жартылай финалға өтті
Қазақстандық, әлемнің 339-ракеткасы Дмитрий Попко АҚШ-тың Санрайз қаласында (Флорида штаты) өтіп жатқан ITF турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингіде 821-орында тұрған америкалық Аксель Нифвемен кездесті.
Бәсекенің тартысты өткені сондай, 3 сағат 7 минутқа созылды.
Бірінші партияда тай-брейкте америкалық теннисші 7:6 (11:9) есебімен басым түссе, одан кейін ойын тізгінін Попко қолына алды – 7:5, 6:2.
Д.Попконың екінші айналымдағы америкалық Хенрик Вирсхольммен матчы да 3 сағат 11 минутқа созылған еді.
Дмитрий Попко финалға шығу үшін әлемнің 758-ракеткасы, доминикандық Питер Бертранмен таласады.