logo

Скатовтың екі сенсациясы Қазақстанды Дэвис Кубогында құтқара алмады

Скатовтың екі сенсациясы Қазақстанды Дэвис Кубогында құтқара алмады

Росариода Аргентина мен Қазақстан құрамалары арасындағы Дэвис Кубогының іріктеу кезеңіндегі екі күндік бәсеке аяқталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Күннің соңғы үшінші ойынында Дмитрий Попко (338 ATP) қатты күресте әлемнің 25-ші ракеткасы Себастьян Баэске үш сетте жеңілді – 4:6, 6:3, 6:7 (6:8).

Нәтижесінде, Қазақстан құрамасы Аргентинаны жеңе алмады. Ойынның жалпы есебі – 3:2.

Енді 2024 жылдың қыркүйегінде Қазақстан құрамасы турнирдің плей-офф кезеңінде ойнайды. Қыркүйектегі жеңіс жағдайында 2025 жылдың ақпанында қазақстандықтар Дэвис Кубогының іріктеу кезеңінде қайтадан бәсекеге түседі. Қыркүйектегі ойындарға қарсылас бірнеше күннен кейін өтетін тарту рәсімінен кейін анықталады.



Күн шежіресі