Диас Досқараев: Олимпиадаға қатысу – бұл тек Федерация үшін ғана емес, кез келген спортшы үшін мақсат
Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев Sport Plus Qazaqstan басылымына берген сұхбатында Елена Рыбакинаның құрама матчтарына қатыспау туралы шешім қабылдау жайлы айтты:
«Құрама командалардың жылдық жоспарын жасағанда, бірінші кезектегі мақсат – құрама, одан кейін – жеке турнирлер. Бірақ олимпиадалық жыл бәрін өзгертеді. Әрине, құрама ойындары маңызды, бірақ Олимпиадаға қатысу және оған дайындалу – бұл тек Федерация үшін ғана емес, кез келген спортшы үшін де маңызды. Олимпиада тек 4 жылда бір рет қана емес, спортшының мансабында бір рет болуы мүмкін. Сондықтан біз желтоқсан айында-ақ спортшының жылына 5-6 реттен артық шыңға жете алмайтынын түсіндік. Лена Рыбакина қай турнирде ойнаса да, фаворит болып саналады. Біз Олимпиадаға дайындық кезінде шыңға жететіндей етіп бәрін жоспарлауға тырыстық».