logo

Тимофей Скатов: Адам әрдайым өзіне сене білуі керек

Тимофей Скатов: Адам әрдайым өзіне сене білуі керек

Росарио қаласында Дэвис кубогі іріктеу кезеңі аясында өтіп жатқан Қазақстан – Аргентина матчында әлемнің 28-ракеткасы Томас Мартин Этчеверриді жеңген Тимофей Скатов өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Ең алдымен, сене білуі керек. Рейтинг апта сайын өзгеріп тұрады. Мен рейтингіге қарамауға тырыстым. Кортқа шығып, командаға ұпай алып беруге барымды салдым.

Ойынға бар зейінімді аударып, маған кедергі жасауға тырысқан жанкүйерлерге қарамадым. Қарсыласқа қысым жасап, соққыларды оң жаққа қарай бағыттадым, бұл өз жемісін берді» - деді Т.Скатов.



Күн шежіресі