Юлия Путинцева Таиландтағы турнирдің жартылай финалынан тыс қалды
Қазақстандық теннисші, әлемнің 70-ракеткасы Юлия Путинцева Хуахин (Таиланд) WTA 250 турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Отандасымыз ширек финалда әлемнің 40-ракеткасы Синьюй Ваннан бірінші партияда 6:1 есебімен жеңілді. Алайда Путинцева екінші сетте 6:3 есебімен есе қайыра білді. Шешуші үшінші партияда қытайлық спортшы мықтылық (3:6) танытты.
Екі сағат 12 минутқа созылған спорттық бәсекеде Юлия 1 эйспен бірге 16 брейк-пойнттың алтауын пайдалана білді. Ван 1 эйс, 8 брейкпен (11 брейк-пойнт) көзге түсті.