logo

Дмитрий Парфенов: «Қайсармен» ойында допқа талас көп болатынын түсіндік

Дмитрий Парфенов: «Қайсармен» ойында допқа талас көп болатынын түсіндік

«Ақтөбе» командасының бас бапкері Дмитрий Парфенов ел чемпионатының бірінші турында «Қайсармен» өткен жеңіс ойыны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бірінші матчқа қызығушылық көп болды, өйткені дайындықтан кейінгі үміттер үлкен. Эмоционалды түрде матчқа дайындалу керек болды. Допқа талас көп болатынын түсіндік. Негізінде, күткен әрекеттер орын алды. Шынында да қарсылас команда - жауынгерлік, рухани ұжым. Жігіттер бапкерлер айтқан сәттерде өздерін жақсы көрсетіп, жақсы голдар соқты. Олар есеп бойынша ойнады және істі соңына дейін жеткізді. Жанкүйерлерге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді. Жұмыс әлі де көп. Біз ойыннан ойынға барамыз. Мен ұрандарды қаламаймын. Кез-келген бапкерді шақырсаңыз, ол мұнда жеңгісі келетіні туралы айтады», - деді Парфенов.