logo

Агент Гергишан: Вэтэжелу - Румыниядағы әйгілі футболшылардың бірі

Агент Гергишан: Вэтэжелу - Румыниядағы әйгілі футболшылардың бірі

Абат Айымбетовтің «Адана Демирспор» түрік клубына трансферін ұйымдастырған румындық агент Траян Гергишан Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында «Ақтөбенің» жаңа ойыншысы Богдан Вэтэжелу туралы ақпаратпен бөлісті.

- Траян, сіз тағы бір жақсы трансфер ұйымдастырдыңыз. «Ақтөбеге» жаңадан келген Богдан Вэтэжелу туралы не айта аласыз?

- Вэтэжелу - Румыниядағы әйгілі футболшылардың бірі. Ол Румынияның жақсы клубтарында, сондай-ақ чехияның «Спартасында» өнер көрсетті. Сондай-ақ оның Румыния құрамасында ойнау тәжірибесі бар.

- Футболшының клубпен келісімшарты қанша жылға?

- Футболшының келісімшарты екі жылға есептелген. Богдан «Ақтөбеге» мақсаттарға жетуге көмектеседі деп үміттенемін.

- Алдағы уақытта Қазақстанда сізден жаңа ойыншыларды күтуге болады ма?

- Неге болмасқа. Егер клубтар маған жүгінсе, әрине, мен көмектесуге дайынмын. Жақсы еуропалық деңгейдегі ойыншыларды ұсынуға әрқашан дайынмын.