Ресейлік шабуылшының қос голы «Ақтөбеге» ел чемпионатының бірінші турында жеңіс алып келді
«Ақтөбе» футболдан Қазақстан Olimpbet-Чемпионатының жаңа маусымының бірінші турында 3:1 есебімен қызылордалық «Қайсарды» жеңді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бірінші таймның ортасында «Ақтөбенің» ресейлік шабуылшысы Идрис Умаев Оразовтың пасынан кейін кездесуде есеп ашты. Екінші таймда Максим Самородов 55-минутта есеп айырмасын ұлғайтты, ал тоғыз минуттан кейін Умаев дубль авторы атанды.
Алаң иелері Тоқтар Жаңғылышбайдың күш-жігерінің арқасында кездесудің соңғы қосылған бесінші минутында жалғыз голмен жауап қайтарды.