Дмитрий Парфенов «Ақтөбеден» кету себебін түсіндірді
«Ақтөбе» футбол клубының бұрынғы бас бапкері Дмитрий Парфенов 2024 жылдың тамыз айында команданың бас бапкері қызметінен кетуінің себебін түсіндірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ресейлік маман 2023 жылдың желтоқсанында команданы басқарған еді және 2024 жылдың 31 тамызында отставкаға жіберілді.
«Негізі, чемпионаттың аяқталуына бірнеше тур қалды, команда Кубокты жеңіп алды, трофей бар, алтын үшін күрес жалғасып жатыр. Кейбір жағдайлар болды, әрі «Елімайдан» үйде жеңілуіміз әсер еткен болуы мүмкін. Дегенмен, біз турнир кестесінде көш бастап тұрған «Қайраттан» небәрі бір ұпайға артта едік. Аса қиын жағдай емес еді, бес тур қалған болатын. Бірақ, тағы да айтамын, кейбір жағдайларға байланысты осындай шешім қабылданды.
Әр жағдай ерекше, жалпы қорытынды шығарудың қажеті жоқ. Бұл шешім жұмсақтау көрінеді. Айта кетерім, менде облыс басшысымен, әкіммен жақсы қарым-қатынас сақталды, біз байланыстамыз, мен Қазақстан Кубогының финалына бардым, команданы қолдадым. Клуб басшылығы мені құттықтап, жеңісте менің де үлесім бар екенін айтты. Бірақ менің жағдайымда осындай шешім қабылдануға себеп болған жағдайлар болды», — деді Парфенов.
«Ақтөбе» биыл Қазақстан Кубогын жеңіп алып, чемпионатта бірнеше тур қалғанда екінші орында тұр.