logo

Дияр Нұрғожай UFC-дегі дебюттік жекпе-жегінде жеңіліске ұшырады

Дияр Нұрғожай UFC-дегі дебюттік жекпе-жегінде жеңіліске ұшырады

Қазақстандық жауынгер Дияр Нұрғожай UFC-дегі дебюттік жекпе-жегінде жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Sport+.  

Екінші раундта Бренсон Рибейро Диярды кимура әдісімен ұстап, қазақстандықты берілуге мәжбүр етті.  

Дебют алдында салмақ өлшеу нормативін орындай алмаған Нұрғожай үшін бұл жеңіліс кәсіби мансабындағы алғашқысы болды.