Денис Никиша Бейжіңдегі бәсекеге қатысты

Денис Никиша Бейжіңдегі бәсекеге қатысты

Шорт-ректен Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Денис Никиша Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан World Tour кезеңінде алтыншы орынға ие болды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Ол 1500 метр қашықтықта А финалына дейін жетіп, шешуші жарыста алтыншы нәтиже көрсетті.

Бірінші орынды Оңтүстік Корея спортшысы Пак Джи Вон иеленсе, екінші болып канадалық Уильям Данджину келді. Үздік үштікті Қытай спортшысы Сунь Лун түйіндеді.



Күн шежіресі