Шорт-тректен әлемдік турдың үшінші кезеңіне өзгертілген құрам аттанды
6-8 желтоқсан аралығында Бейжіңде (Қытай) шорт-тректен World Tour сериясының үшінші кезеңі өтеді. Аталмыш жарыста Қазақстан құрамасының намысын 12 спортшы қорғайды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz cайтына сілтеме жасай отырып.
Алғашқы екі кезеңнен кейін бапкерлер штабы құрамға өзгеріс енгізді. Енді Еркебұлан Шамұхановтың орнына Мерсаид Жақсыбаев жарысқа барады.
Ел намысын төмендегі спортшылар қорғайды:
– Денис Никиша
– Абзал Әжіғалиев
– Мерсаид Жақсыбаев
– Әділ Ғалиахметов
– Глеб Ивченко
– Айбек Насен
– Ольга Тихонова
– Яна Хан
– Малика Ермек
– Алина Әжіғалиева
– Мадина Жанбусинова
– Зейнеп Құмарқан