Демченконың өз жанкүйерлері алдындағы алғашқы матчы. «Жеңіс» – «Атырау» кездесуінің тікелей эфирі

Қазақстан футбол чемпионатының 13-туры аясында «Жеңіс» өз алаңында «Атырау» командасын қабылдайды.
ФИФА күнтізбесіне сәйкес ұлттық құрамалар ойындарына арналған үзіліс кезінде «Жеңіс» бас бапкерін ауыстырды — команданың тізгінін украиналық Андрей Демченко ұстады. Оның алғашқы матчы «Тұранға» қарсы өтті. Ол ойында елордалық команда 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Енді украиналық маман «Астана Аренада» жанкүйерлердің алдында дебют жасайды. Қонаққа Қазақстан чемпионатының соңғы орнында тұрған «Атырау» келеді. Қазіргі уақытта команданы Дидар Сыдықбектің басшылығымен жоғарғы лигада сақтап қалу үшін өзгерістер енгізуге тырысуда.
Бейресми ақпаратқа сәйкес, Сыдықбек қазіргі «Тұран» командасының бапкері Василий Жуковскийді шақырған көрінеді. Алайда әзірге команданы Қазақстан жастар құрамасының бапкері Денис Мамонов жаттықтыруда.
Матчтың басталу ысқырығы «Астана Аренада» сағат 18:00–де естіледі. Ойынның тікелей трансляциясы мен 17:30–да басталатын матч алдындағы студияны Sport+ телеарнасынан, sportplustv.kz сайтынан және sportplus\_qaz YouTube арнасынан көруге болады.