Данилина Хобарттағы WTA турнирін жеңіспен бастады
Қазақстанның жұптық бірінші ракеткасы Анна Данилина Оклендтегі жеңісінен кейін австралиялық Хобарт WTA турнирін бастады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Украиндық Надежда Киченокпен жұптаған қазақстандық бірінші айналымда беларусь-поляк дуэті Лидия Морозова – Катарина Петрді екі сетте 7:5, 7:6 есебімен ұтты.
Данилина – Киченок жұбы турнирде төртінші орынға тұрақтады. Екінші айналымда олар аргентиналық-египеттік Надия Подороска – Майар Шериф жұбымен ойнайды.