logo

Данилина Оклендтегі WTA турнирінің финалына шықты

Данилина Оклендтегі WTA турнирінің финалына шықты

Қазақстанның жұптық бірінші ракеткасы Анна Данилина WTA 250 категориясы бойынша Оклендте өтіп жатқан жұптық турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Жартылай финалда Анна мен оның серіктесі чех Виктория Хрунчакова Джессика Пончет (Франция)/Анна Сискова (Чехия) дуэтін 7:6 (7:2), 4:6, 10:7 есебімен ұтты.

Олардың финалдағы қарсыластары кейінірек екінші жартылай финалдық Бузкова (Чехия) / Маттек-Сэндс (АҚШ) - Кесслер (АҚШ) / Ламенс (Нидерланды) қорытындысы бойынша белгілі болады.