logo

Неміс теннисшісі Қазақстан азаматтығын қабылдады

Неміс теннисшісі Қазақстан азаматтығын қабылдады

17 жастағы теннисші Соня Жиенбаева биыл Қазақстан құрамасында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Жиенбаева Алматы қаласының тумасы: анасы қазақ, әкесі неміс. Ол бала кезінде Германияға көшіп кеткен.

Неміс жасөспірімдер құрамасының құрамында ол Билли Джин Кинг кубогының 1/4 финалына шықты.

Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жекелей рейтингінде Соня қазақстандық теннисші ретінде танылып, 1255-ші орында жайғасып тұр.