Қазақстанның екінші ракеткасы Австралияда керемет камбэк жасады
Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Hobart International турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бірінші айналымда Юлия италиялық Элизабетта Коччареттомен кездесті. Қазақстандық алғашқы 10 геймді жеңіліп, бірақ екінші сетте 3:5 есебімен ойын ұпайларын қайтарып алып, шешуші тайбрейкте 0:6, 7:5, 7:6 (7:4) есебімен жеңіске жетті.
Енді Юлияның келесі қарсыласы Мария Бузкова (Чехия) (5) - Виктория Голубич (Швейцария) кездесуінде анықталады.